ПЕДАГОГ МАМАНДАР ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАНДЫ
25 тамыз күні, сағат 11:00–де Маңғыстау облысы білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№4 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінде қажетті педагог кадрларды жұмысқа қабылдау бойынша іріктеу комиссиясының отырысы өтті. Қажетті бос орындарға конкурстың өтетіні жөнінде толық мағлұмат алдын ала мектеп әлеуметтік парақшаларына жарияланды. Қажетті бос орындарға төменде кестеде көрсетілген пән мұғалімдері мен мамандар орналастырылды.
Іріктеу конкурсына 5 кандидат қатысты. Кандиттарға төмендегідей талаптар қойылды:
1.Тиісті құжаттармен ((білімі туралы диплом, жеке куәлік (бар болса сертификаттар, жеке жетістіктер жинағы)) бірге Covid19-ға қарсы екпе (вакцина) алғандығы жөніндегі паспорты болуы;
2.Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларды меңгеруі;
3.Мектеп жүйесін жан-жақты дамытатын, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар болуы;
4. Педагогикалық қасиеттері мен қабілеттерінің көрініс табуы;
5. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымын босату қағидалары бойынша берілген кестедегі критерийлерге сәйкестілігі (12-қосымша )
Комиссия құрамы іріктеуге қатысқан 5 кандитатты қабылдап, жоғарыда аталған талаптарға сәйкестілігін баса назарға ала отырып, мынадай шешім қабылдады.
1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша:
Оңғарбай Бағила Нөкісбайқызы (уақытша)
2. География пәні бойынша:
Ерманова Айдана Канатовна (уақытша)
3. Бастауыш сынып мұғалімі:
Масқар Ұлмекен Саматқызы (уақытша)
4. Дефектолог:
Ыстыбаева Айнұр Сатибаевна ( тұрақты)
Педагог отбасылары арасындағы “Туризм-салауатты өмір салты-2023”
"Ең үздік медиатор мектебі" республикалық байқауының аудандық кезеңі
Республикалық "Балалар оқулары" байқауының аудандық кезеңі
«Жас келсе іске» тақырыбында жас мамандарға дөңгелек үстел
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ❗️❗️❗️
Жаңа оқу жылының алғашқы аптасына жоспарланған сынып жетекшілер отырысы өткізілді.
Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер
Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми сайты
mangystau.edu.kz
Қазақстан Республикасының 2050 даму стратегиясы
strategy2050.kz
Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайты
aktau.gov.kz
Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайты
mangystau.gov.kz
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайты
www.bala-kkk.kz
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайты
control.edu.gov.kz