Қарақия ауданы бойынша 2023 жылғы түлектерге арналған ,,ҰБТ-2023 жаңашылдықтары” тақырыбында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Р.Емелбаев, "EDUTEST" ЖШС директоры Ч.Рыдван, Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы Д.Жұмашевамен кездесу өтті.
2023 жылдың 26-қаңтар күні мектебімізде Қарақия ауданы бойынша 2023 жылғы түлектерге арналған ,,ҰБТ-2023 жаңашылдықтары” тақырыбында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Р.Емелбаев, "EDUTEST" ЖШС директоры Ч.Рыдван, Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы Д.Жұмашевамен кездесу өтті. Кездесуге Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы К.Беккалина және ауданға қарасты барлық мектеп директорлары мен 2023 жылғы мектеп бітіруші түлектер қатысты.
Аталған кездесуде ҰБТ-2022 нәтижелері, 2023 жылғы ҰБТ-дағы соңғы өзгерістер, шекті балдар, квоталар мөлшері, «Атырау-Маңғыстау» мақсатты гранты, мақсатты гранттың шарттары, артықшылықтары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ түлектер де ҰБТ-ға қатысты өз сұрақтарын қойды.
Кездесу соңында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Р.Емелбаев түлектерге ҰБТ кезінде белгіленген ережелерді сақтау маңыздылығын түсіндіріп, тестілеуді сәтті тапсыруларын тіледі.
__97c269f63f75012e1a2dad7e345ce075.jpg)
ХАБАРЛАНДЫРУ. бОС ЖҰМЫСТАР АТАУЫ

БП «Жас түлек мамандығын өзі таңдауы керек» тақырыбы бойынша сөз қозғады



«Бүгінгі оқушы –ертеңгі студент, болашақ маман» атты студенттермен кездесу кеші өтті.




Жалпы ата-аналар жиналысы өтті

Соңғы жаңалықтар
__97c269f63f75012e1a2dad7e345ce075.jpg)
Жаңа оқу жылының алғашқы аптасына жоспарланған сынып жетекшілер отырысы өткізілді. ...
12 қыркүйек 2023


Сілтемелер

Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми сайты
mangystau.edu.kz

Қазақстан Республикасының 2050 даму стратегиясы
strategy2050.kz

Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайты
aktau.gov.kz

Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайты
mangystau.gov.kz

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайты
www.bala-kkk.kz

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайты
control.edu.gov.kz