Жалпы ата-аналар жиналысы өтті
Желтоқсан айының 21 жұлдызында мектебімізде Жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында мектеп директоры Муканова Гульшат Сагинбаевна күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-шаралар жоспарының 29 – тармағына сай, орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында , оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беріп, 2022 жылдағы қаржының игерілуіне тоқталды. Сонымен қатар күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша білім алушылар мен олардың ата-аналарынан заңсыз ақы алу, ақша жинау фактісін болдырмау туралы баса айтты. Мектептің ішкі тәртібі туралы, соның ішінде балалардың ұялы телефон (смартфон) қолдануына тыйым салу, ата-аналар және өзге де адамдардың мектеп ішіне рұқсатсыз кірмеуі туралы айтылды.
Жиналыс барысында, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы кішігірім болса да, ой тастарлық видеороликтер көрсетілді. Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» – деп айтып кеткендей, балалардың баянды болашақтары үшін педагогтар мен ата-аналардың күшін біріктіріп, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу мақсаты алға қойылды.
Бала тәрбиесі – басты мәселе. «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды», «Тәрбиенің бастауы –отбасы” деп жақсылыққа, игі істерге шақырды.
Ата-аналар өздерінің тараптарынан әр түрлі ұсыныстар, пікірлер білдіріп және сұрақтар қойды.
__97c269f63f75012e1a2dad7e345ce075.jpg)
ХАБАРЛАНДЫРУ. бОС ЖҰМЫСТАР АТАУЫ

БП «Жас түлек мамандығын өзі таңдауы керек» тақырыбы бойынша сөз қозғады



«Бүгінгі оқушы –ертеңгі студент, болашақ маман» атты студенттермен кездесу кеші өтті.




Жалпы ата-аналар жиналысы өтті

Соңғы жаңалықтар
__97c269f63f75012e1a2dad7e345ce075.jpg)
Жаңа оқу жылының алғашқы аптасына жоспарланған сынып жетекшілер отырысы өткізілді. ...
12 қыркүйек 2023


Сілтемелер

Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми сайты
mangystau.edu.kz

Қазақстан Республикасының 2050 даму стратегиясы
strategy2050.kz

Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайты
aktau.gov.kz

Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайты
mangystau.gov.kz

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайты
www.bala-kkk.kz

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайты
control.edu.gov.kz