Хабарландыру

29 қыркүйек күні, сағат 11:00–де Маңғыстау облысы білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№4 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінде қажетті педагог кадрларды жұмысқа қабылдау бойынша іріктеу комиссиясының отырысы өтті. Қажетті бос орындарға конкурстың өтетіні жөнінде толық мағлұмат алдын ала мектеп әлеуметтік парақшаларына жарияланды. Қажетті бос орындарға төменде кестеде көрсетілген пән мұғалімдері мен мамандар орналастырылды.

Іріктеу конкурсына 4 кандидат қатысты. Кандидаттарға төмендегідей талаптар қойылды:

Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілгені (бар болса);

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ - 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

Соттылығы жоқ туралы анықтама

Наркологиялық ұйымнан анықтама;

Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог – сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Комиссия құрамы іріктеуге қатысқан 4 кандитатты қабылдап, жоғарыда аталған талаптарға сәйкестілігін баса назарға ала отырып, кестеде көрсетілген мамандарды жұмысқа қабылдауға шешім шығарды. 





Хабарландыру

icon

Педагог отбасылары арасындағы “Туризм-салауатты өмір салты-2023”

icon

"Үздік шабуылшы" номинациясы

icon

"Ең үздік медиатор мектебі" республикалық байқауының аудандық кезеңі

icon

Республикалық "Балалар оқулары" байқауының аудандық кезеңі

icon

"Қауіпсіз білім беру ұйымы "онкүндік жоспарының аясында 19 қырқүйекте мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы жиналысы

icon

«Жас келсе іске» тақырыбында жас мамандарға дөңгелек үстел

icon

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ❗️❗️❗️

icon

Оқуға құштар мектеп

icon

Сынып жетекшілер отырысы

icon Жаңа оқу жылының алғашқы аптасына жоспарланған сынып жетекшілер отырысы өткізілді. 

Соңғы жаңалықтар

Хабарландыру

...

02 қазан 2023