Егемен ел болып, еңсе тіктеп, белді буып, елдікті нығайтқанымызға 30 жыл!

ҚР Тәуелсіздік күні мемлекетіміздің еркіндігінің символы болып саналады. Егемен ел болып, еңсе тіктеп, белді буып, елдікті нығайтқанымызға 30 жыл. Осы аралықта халқымыз ата-бабаларымыздың мұрасын сақтай отырып, демократиялық, құқықтық және тәуелсіз мемлекет құра алды. Еліміздің басты мерекесі қарсаңында мектебімізде оқушыларға тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету, туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту мақсатында бірқатар тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Мектеп кітапханашысы Аккенже Ерғалиқызы “Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры” тақырыбында кітап көрмесін көрсетті. Бастауыш пәндер бірлестігі аталған мерекеге орай қайырымдылық жәрмеңкесін жасап, мұғалімдер арасында “Тұғыры биік тәуелсіздік” тақырыбында тренинг өткізді. Тілдер бірлестігі Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген мектебіміз қазақ мектебі болып ашылғандығына 30 жыл толуына орай “Жаса, жайна тәуелсіз Қазақстан !” тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырып, мектебіміздің тарихы туралы үзілісте видеороликтер көрсетті. Дене шынықтыру пәндері мұғалімдері 5-7-сыныптар арасында футзалдан жарыс өткізіп, жеңімпаз оқушылар марапатталды. Жаратылыстану пәндер бірлестігі мектеп кіреберісінде еліміздің тәуелсіз жылдар аралығында жеткен жетістіктері жайлы видеороликтер арқылы баяндап, оқушылар күмбірлеген күймен мерекелік шашу шашты. Апта соңында мектебіміздің Өзін-өзі басқару ұйымы және “Балалар және театр ұйымы” оқушылары “Ел бірлігі- тәуелсіздік тұғыры” тақырыбында мерекелік шара өткізіп, кеш барысында мектебіміздің бірқатар қызметкерлері мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды. 





ПЕДАГОГ МАМАНДАР ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАНДЫ

icon

ХАБАРЛАНДЫРУ

icon

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚОЛДАНЫС АЯСЫН КЕҢЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ӨНІМДЕР

icon

Егемен ел болып, еңсе тіктеп, белді буып, елдікті нығайтқанымызға 30 жыл!

icon

"Жас Ұлан" және "Жас Қыран" ББЖҰ-на мектебіміздің белсенді 90 оқушысы қабылданды.

icon

23 ҚАРАША - ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КҮНІ

icon

Жалпы ата-аналар жиналысы өтті

icon

Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінің ашылу салтанаты өтті.

icon

Есептік жылдағы 2021-2022 оқу жылына бөлінген және 10 айға игерілген қаражат есебі

icon

"Біз 5-сыныпқа барамыз"

icon

Соңғы жаңалықтар

ХАБАРЛАНДЫРУ

...

21 тамыз 2022