Дарынды ұстаз, парасатты, асқақ тұлға Хазина Хайруллақызы - «100 АСҚАР ШЫҢДАРҒА ТУ ТІККЕН ҚАЗАҚСТАН АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІ» АТТЫ КІТАПҚА ЕНДІ.

Дарынды ұстаз, парасатты, асқақ тұлғаХазина Хайруллақызы«100 АСҚАР ШЫҢДАРҒА ТУ ТІККЕН ҚАЗАҚСТАН АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІ» АТТЫ КІТАПҚА ЕНДІ.

Ұстаз. Осы бір бес әріптен тұратын сөзде терең мән жатыр. Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін әр ұстаз көп қиындықтардан өтетіні анық. Міне,соның ыстығына күйіп, суығына тоңған жандардың бірі Абдиева Хазина Хайруллақызы1973 жылы Түркмен ССР-нің А.М. Горкий атындағы Мемлекеттік университетін бітірген соң, арман мен мақсатқа қол созған жас маман еңбек жолын №3 орта мектепте жоғары кластарда математика пәнінен сабақ беруден бастады. 

Табиғи дарынды оқушыларды іріктеу және дайындау мәселесінебаса назар аудара білген талапшыл ұстаз 1983 жылы осы пән оқытушыларының әдіс бірлестігіне жетекшілік жасады. Оқушылармен қатар мұғалімдердің қабілетін ашуға жұмыстанған ұстаз еңбегі оң нәтижесін көрсетті. Үлкенмен де, кішімен де сыйлас бола білді. Өз жұмысына өте тиянақты, өзінен кейінгі ұстаздардан көмегін аямайтын, оларға құнды пікірлер айтып, іс жүзінде дәлелдей білетін ұстаздық жолдағы баспалдағы осылай қаланды.

     Хазина Хайруллақызы еңбек еткен кезең өте қиын кезең еді. Оқушылар арасында келеңсіздіктер көп белең алатын. Осындай қиын кезеңде тәрбие жұмысының орынбасары болып қызмет атқаруға кірісті. Тәрбие бастауы отбасы екендігін баса назарда ұстады. Ата-бабаларымыздан қалған әдет-ғұрып, салт-дәстүрге сүйенген, оларды қадірлей білген ұстаздың еңбек жолы басшылық қызметке көтерілді.

   Адалдық пен әділеттілікті, шындық пен адамгершілікті, имандылық пен қайырымдылықты қару еткен басшыретінде таныла білді. Сөйте тұра, қатаң талап та қоя білді. Оның ең жоғарғыталабының бірі  ұстаздардың орындаушылық жауапкершілігі. Жауапкершілікпен бұлжытпай орындау -өзіне  де  қойылған талаптарының бірі. Осы жауапкершілікті талмай атқарғандығын    Қарақия ауданы, Жетібай кентіндегі №4 ортамектепті он тоғыз жыл басқарғанынан көреміз.Көпке танымал ұстаз, білім саласындағы бірегей тұлғаАбдиева Хазина Хайруллақызы - шәкірттері үшін  дарынды ұстаз, парасатты, асқақ тұлға. Білім саласындағы еңбегі жоғары бағаланған Хазина Хайруллақызы

1988 жылы    -СССР Бейбітшілік Қорының Құрмет грамотасы

1991 жылы «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісі

1999 жылы Маңғыстау облысы Қарақия аудандық білім бөлімінің Марапаттау қағазы

2000 жылы Аудандық «Мектеп басқару нұсқалары панораммасы» байқауының І дәрежелі дипломы

2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдық мерекесі қарсаңындағы аудан әкімінің Алғыс хаты

2001 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хаты

2002 жылы  Қарақия ауданының әкімі мен Аудандық маслихатының Алғыс хаты

2005 жылы «Әйел басқаратын үздік кәсіпорын» облыстық конкурсының «Білім беру» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломы

2007 жылы 2006-2007 оқу жылындағы ҰБТ бойынша жақсы көрсеткішке жеткені үшін Аудан әкімінің Алғыс хаты

2015 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрмет грамотасы

«Нұр Отан» партиясы Қарақия аудандық филиалының Алғыс хаты

2019 жылы Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу саласындағы табыстары үшін Ыбырай Алтынсарин атындағы медалімен марапатталды.

          Өмірінің 35 жылдай уақытын халыққа білім беру саласына арнап, өзіне жүктелген міндеттерді адал атқарғандығының, білімділігі мен біліктілігінің, терең рухани байлығы мен парасаттылығының арқасында Хазина Хайруллақызы көпшіліктің құрметіне бөленіп, абырой мен беделге ие бола білді. Сонымен қатар, жақында өз еңбектерімен айтулы жетістіктерге жеткен ауыл әйелдерінің тарихы жазылатын «100 АСҚАР ШЫҢДАРҒА ТУ ТІККЕН ҚАЗАҚСТАН АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІ» АТТЫ КІТАПҚА ЕНДІ.

Хазина Хайруллақызының адамдармен қарым-қатынастағы қарапайымдылығы, ақыл-кеңес беріп, жол-жоба көрсететін инабаттылығы мен шынайы адамгершілігі жас ұрпақтарға қашан да өнеге, тағылым бола береді. 

                                       

  





Сынып жетекшілер отырысы

icon Жаңа оқу жылының алғашқы аптасына жоспарланған сынып жетекшілер отырысы өткізілді. 

ХАБАРЛАНДЫРУ. бОС ЖҰМЫСТАР АТАУЫ

icon

БП «Жас түлек мамандығын өзі таңдауы керек» тақырыбы бойынша сөз қозғады

icon

Қарақия ауданы бойынша 2023 жылғы түлектерге арналған ,,ҰБТ-2023 жаңашылдықтары” тақырыбында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Р.Емелбаев, "EDUTEST" ЖШС директоры Ч.Рыдван, Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы Д.Жұмашевамен кездесу өтті.

icon

Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№4 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінде қажетті педагог кадрларды жұмысқа қабылдау бойынша іріктеу комиссиясының отырысы өтті.

icon

«Бүгінгі оқушы –ертеңгі студент, болашақ маман» атты студенттермен кездесу кеші өтті.

icon

Мектебіміз жыл қорытындысы бойынша жалпы білім беретін мектептер арасында «Білім шыңы» номинациясымен марапатталды!

icon

ХАБАРЛАНДЫРУ

icon

“ Білім беру технологиялары мен әдіс-тәсілдерін қолдаану жолдары” тақырыбында мектепішілік семинар өтті.

icon

Жалпы ата-аналар жиналысы өтті

icon

Соңғы жаңалықтар

Сынып жетекшілер отырысы

Жаңа оқу жылының алғашқы аптасына жоспарланған сынып жетекшілер отырысы өткізілді.  ...

12 қыркүйек 2023