Мектеп директорының орынбасарлары

   Амангелді Ақбаян Қаржауқызы

Оқу ісінің меңгерушісі

Білімі: жоғары. Мамандығы- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану.

Еңбек өтілі 5 жыл.

Амангелді Ақбаян Қаржауқызы -1995 жылы Жетібай ауылында дүниеге келген. 2012 жылы Жетібай ауылының №8 орта мектебін бітірген. 2012-2016 жылдар аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылдан бастап Жетібай ауылының №4 орта мектебінде әлеуметтік педагог болып қызмет атқарды. 

Жетістіктері:

2017 жылы "Мектеп директорының алғыс хаты"

2018 жылы «Шығармашылық конкурстар» байқауында І орын ; 

2020 жылы "Ең үздік сынып жетекші" 1 - орын; 

2020 жылы Аудандық білім бөлімінің алғыс хаты ;

2021 жылы Аудандық " Үздік сынып жетекші" байқауы 2 - орын;

2021 жылы Ауыл әкімінің алғыс хаты

Біліктілігі - педагог-сарапшы.

Бекмурзина Жанар Бөлекбайқызы

Оқу ісінің меңгерушісі

Білімі: жоғары. Мамандығы-бастауыш сынып пәні мұғалімі

Еңбек өтілі 22жыл.

Ж.Б.Бекмурзина -1976 жылы Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Шетпе селосындағы №4 орта мектепті бітірген. 1999-2004 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетін бастауыш сынып пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 

Ж.Б.Бекмурзина 1999-2013 жылдар аралығында Мұнайлы ауданы №1 жалпы орта мектепте бастауыш сынып пәні мұғалімі, 2013-2021 жылдар аралығында Жетібай ауылының №4 орта мектебінде бастауыш сынып пәні мұғалімі, 2018 жылдан бастап бастауыш сынып пәні мұғалімі және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.


  Капакова Раушан Әлімханқызы

Директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары

Білімі: жоғары. Мамандығы-информатика  пәні мұғалімі

Еңбек өтілі 24 жыл. 

Капакова Раушан  Алимхановна 7 желтоқсан 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қаласында дүниеге келген. 

1996-2000 жж. «Қайнар» университетінің шетел тілін (ағылшын тілі)  меңгерген ХЭҚ мамандығын, кейін 2002-2004 жж. Қазақ – Өзбек инженерлік-гуманитарлық университетінің, информатика мамандығын оқыған.

1995-1997 жж. Шардара ауданы Шардара орта мектебінде іс басқарушы болып жұмыс атқарды.

1997 – 2003 жж.  аралығында аталған мектепте ағылшын тілі, экономика негіздері, математика және информатика пәндерінен сабақ берді.

2003-31.12.2004жж. аралығында аталған мектепте 5-8 сыныптар арасында директордың оқу ісі орынбасары міндетін атқарды.

03.01.2005ж. – 15.11.2019ж. аралығында Шардара ауданы С.Кәттебеков атындағы жалпы орта мектепте экономика негіздері және информатика пәндерінен сабақ берген. 

21.11.2019 жылдан бастап Маңғыстау облысы білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің  «№ 4  жалпы білім беретін мектеп» КММ-де информатика пәні мұғалімі және директордың бейіндік ісі  жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

біліктілігі:   педагог – сарапшы

еңбек өтілі: 26 жыл

Өзінің қызмет еткен жылдарында білім саласының облыстық, аудандық деңгейдегі марапаттаулар иегері.

                                                                                                 

Казбекова Майра Тулепбаевна

Әдістемелік ісі жөніндегі орынбасар

Білімі: жоғары. Мамандығы-физика пәні мұғалімі

Еңбек өтілі 17 жыл.

М.Т.Казбекова -1985 жылы Жетыбай ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Жетібай ауылының №8 орта мектепті бітірген. 2002-2008 жылдар аралығында Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын физика және информатика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 

Майра Тулепбаевна – пәндік, психологиялық–педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік дайындығы  жоғары, біліктілік шеберлігін ұдайы арттырып отыратын жаңашыл жоғары санатты  ұстаз. Облыс, республика көлемінде жақсы жетістіктермен танылып үлгерген қаншама шәкірттердің ұлағатты ұстазы. Істеген ісінің нәтижелілігі, тиянақтылығы, еңбекқорлығы арқасында мектепте директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары қызметін абыройлы атқарып, үздіксіз еңбек етіп келе жатырған өзіндік орны бар педагог. Осы оқу жылдары ішінде төмендегідей жетістіктерге жетті.

Жетістіктері:

2014 жылы «Өрлеу» БАҰО «Грамота»;

2015 жылы BS-PRESS педагогикалық дамыту орталығының ұйымдастыруымен қашықтық олимпиадасында оқушыларды белсенді дайындағаны үшін Алғыс хат;

2015 жылы BS-PRESS педагогикалық дамыту орталығының ұйымдастыруымен қашықтық олимпиадасында оқушыларды белсенді дайындағаны үшін Алғыс хат;

2015 жылы BS-PRESS педагогикалық дамыту орталығының ұйымдастыруымен қашықтық олимпиадасында ІІ орын Диплом;

2017 жылы «Эрудит» интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен өткен «Мәртебелі маман-2017» байқауы Диплом;

2018 жылы «Шығармашылық конкурстар» байқауында І орын Диплом.

2014 жылы Аудан әкімінің «Алғыс хаты»

2014 жылы Облыстық «Физика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы» І орын Диплом;

2015 жылы Маңғыстау облысының Білім Басқармасының «Құрмет грамотасы»;

2016 жылы Облыстық «Қазақстаным менің» үздік тәрбие сағаты байқауында ІІІ орын Диплом;

2017 жылы Аудан әкімінің «Алғыс хаты»

2018 жылы Аудандық «Үздік педагог» І орын;

2018 жылы Қарағанды экономикалық университетінің ректоры Е.Б.Аймағанбетовтың «Алғыс хаты»;

2018 жылы облыстық Сараптау комиссиясының мүшесі.

  Мукашова Умсын Акиловна

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар

Білімі: жоғары. Мамандығы-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Еңбек өтілі 21 жыл.

Мукашова Умсын Акиловна – ауданымыздың жоғары дәрежедегі оқу әдістемесін  жақсы меңгерген, өзінің кәсіби білімі мен біліктілігін шығармашылық пен ізденістер жолында таныта білген білікті маман. Ол  оқушыларының  дара  ерекшелігін  ескеріп,  шығармашылық  қабілетінің дамуына үлес қосуда. Умсын Ақылқызы – қай жұмысты да бар ынтасымен істейтін жігерлі, еңбекқор, еліміздің тұғырын бекітетін шәкірттерді тәрбиелеу жолында өзіндік әдіс-тәсілі мен жаңа технологияны меңгерген ұстаз. Ол басшылық қызметте де абыройлы жұмыс атқарып жүр. 1999 жылдан бастап, аталған оқу мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың оқу  жұмысы жөніндегі орынбасары, лицей директоры және директордың тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

Жетістіктері:

 2012ж. Қазан айы Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің «Құрмет грамотасы»

 2013ж.  Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығының Мақтау қағазы

 2015ж.  BS-PRESS республикалық педагогикалық дамыту орталығының Алғыс хаты

 2015ж. BS-PRESS республикалық педагогикалық дамыту орталығының Дипломы ІІІ орын 

 2016 ж. Маңғыстау облысы тарихи өлкетану мұражайының Құрмет грамотасы

 2016 ж. Маңғыстау обылысының әкімінің Алғысы

 2016ж. Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының Батыс Қазақстан Бөлімінің Алғысы

 2017ж. «Мұғалімге арналған 3 (базалық) деңгей нұсқаулығын қайталаймыз» Республикалық интернет-олимпиада Сертификат;

 2017 ж. «Орта білім беру ұйымдарының гранты-2017» байқауында  лауреат атанып І орынмен Құрмет грамаотасы мен Сертификатпен;

 2018 жылы Маңғыстау облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен.



.





Мектеп мұғалімдері

...

Мектеп директоры

icon Муканова  Гульшат Сагинбаевна – 1974 жылы 10 қаңтарда Маңғыстау облысы, Ералиево ауданы, Жетібай   поселкесінде  дүниеге келген. •1980 жылы Жетібай ауылының №3 орта мектебінің 1-ші сыныбына қабылданып, 1990 жылы орта мектепті аяқтады. •1991 жылы Маңғыстау гуманитарлық коллед...

Мектеп директорының орынбасарлары

icon   Амангелді Ақбаян Қаржауқызы Оқу ісінің меңгерушісі Білімі: жоғары. Мамандығы- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану. Еңбек өтілі 5 жыл. Амангелді Ақбаян Қаржауқызы -1995 жылы Жетібай ауылында дүниеге келген. 2012 жылы Жетібай ауылының №8 орта мектебін бітірген. 2012-2016 ж...

Соңғы жаңалықтар

Хабарландыру

...

02 қазан 2023